Сарыағаш ауданында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық дербес бөлім басшылары, ауылдық округ және қала әкімдері, мемлекеттік мекеме жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Уалихан Рахиев ашып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашыларға сөз берді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын таныстырып, 2025 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жоспарлар туралы жан-жақты баяндама жасады. Баяндамада экономика, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында қол жеткізілген нақты жетістіктер мен елді мекендерде іске асқан ауқымды жобалар кеңінен қамтылды.
Кеңес мүшелері тарапынан білім беру және су шаруашылығы мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, аудан әкімі тиісті түсіндірмелер мен нақты жауаптар берді.
Сондай-ақ, жиында аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы мәслихаттың есепті кезеңдегі қызметі туралы баяндап, көтерілген мәселелер мен олардың шешілу барысы жөнінде ақпарат ұсынды.
Жиын қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің өткен жылғы жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да өңірдің дамуына бағытталған бастамалардың табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді. Сонымен қатар, ауданға қарасты елді мекендерде атқарылған жұмыстардың нәтижелі болғанын атап өтіп, ризашылықтарын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі