ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастауымен таңғы сағат 10:00-ден бастап 13 ауылдық округ пен қала тұрғындары, бөлімдер мен мекемелер қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ аудан жастары мен еріктілер белсене қатысты.
Ауқымды тазалық шарасы барысында көшелер мен қоғамдық орындар бей-берекет тасталған қоқыстардан тазартылып, ағаш отырғызу, оларды суару, сондай-ақ арнайы техникалармен ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аудан басшысы «AMANAT» партиясы аудандық филиалы ғимаратының алдында абаттандыру жұмыстарына қатысып, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбек пен филиалдың атқарушы хатшысы Шермат Ибрагимовпен бірге ағаш отырғызды. Ерікті жастар да гүлдер мен көшеттер отырғызуға белсенді түрде атсалысты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі