Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларына арналған жұмыс жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, аудандық аумақтық инспекция басшысы Батыр Тағаев, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме өкілдері қатысты.
Кездесу барысында шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторинг жүргізу, дер кезінде анықтау, алдын алу шараларын күшейту және химиялық өңдеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, атқарылатын жұмыстардың мерзімі мен сапасына ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.
Аудан әкімі аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, барлық шараларды заң талаптарына сәйкес үйлестіруді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі