САРЫСУ ЖӘНЕ ТАСҚҰДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ

САРЫСУ ЖӘНЕ ТАСҚҰДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты Сарысу және Тасқұдық елді мекендерінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Жиынға ауданның құзырлы мемлекеттік органдары мен құқық қорғау органдарының басшылары, жер қатынастары бөлімінің өкілдері, сондай-ақ өндірістік кооператив өкілдері қатысты.

 

Кездесу барысында тұрғындар жайылым жер, жол мәселелері және өзге де өзекті мәселелер бойынша арыздарын жеткізді.

 

Аудан әкімі тұрғындардың арыз-шағымдарын мұқият тыңдап, айтылған барлық мәселелер заң аясында қаралатынын атап өтіп, нақты жауаптар берді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі