САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА–ЕРДӘУІТ ЖОЛЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ  ПЫСЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА–ЕРДӘУІТ ЖОЛЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ  ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты Дарбаза–Ердәуіт аудандық маңызы бар автомобиль жолының қазіргі жай-күйімен танысты. Аталған жол учаскесі арқылы «Integro Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі жүк көліктерінің қатынауына байланысты,  жол жабынының бұзылу фактілері орын алған.

 

Аудан басшысы жолдың бүліну себептерін зерделеп, мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарын тікелей бақылауға алды. Тексеру барысында жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімі, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері назарға алынды.

 

Аталған іс-шараға «Integro Construction» ЖШС-нің атқарушы директоры А. Оспанов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Сарыағаш ауданындағы өкілі Н. Бастаров, сондай-ақ «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекциясы» филиалының директоры Е. Мейрбеков қатысты. Сонымен қатар, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мен Дарбаза ауылдық округінің әкімі де жиынға қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

 

Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі мердігер мекемеге жолды сапалы әрі белгіленген мерзімде қалпына келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына аталған бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі