САРЫАҒАШ: ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ ТҮЙТКІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен жер мәселесіне байланысты арнайы жиын өтті. Жиынға аудан прокуроры Мақсат Мошқалов, аудандық полиция басқармасының басшысы Есенғали Бейсебаев, аудан әкімінің орынбасарлары, жер қатынастары бөлімінің мамандары мен өндірістік кооперативтердің өкілдері қатысты.

 

Жиын барысында Тасқұдық елді мекені аумағындағы «Д-Амир и К» ЖШС мен «Жабай ата» өндірістік кооперативіне тиесілі егістік жерлерге қатысты мәселе қаралды. Сондай-ақ, Сарысу елді мекенінде ауыл тұрғындарының жерді қайтару туралы талаптары сөз болды.

 

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аталған мәселені заң аясында шешу қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта елді мекен тұрғындарымен арнайы кездесу өткізетінін жеткізді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі