
ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтасұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында еліміздің экономикасы сыртқы сауда мен инвестицияға әрдайым ашық екенін атап өтіп, инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу Үкімет алдындағы негізгі міндеттердің бірі екенін айқындаған болатын.
Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағына инвестиция тарту мәселелері бойынша инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты Руслан Насиров бастап келген шетелдік инвесторлар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу жүйесіне қатысты жобаларын таныстырды.
Ұсынылған жоба арнайы техника мен заманауи құрылғыларды пайдалану арқылы тұрғын үйлерден шығатын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау,тасымалдау және санитарлық тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Арман Абдуллаев жоба бойынша тиісті сала басшыларына ұсынысты жан-жақты зерделеуді, нәтижесін баяндауды тапсырды.
Айта кетсек, инвестициялық жобаларды іске асыру аудан бюджетінің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімініңбаспасөз қызметі