САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА DIGITAL NAURYZ – «РОБОКӨКПАР» ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлерді аудан әкімі Арман Абдуллаев бастаған делегация аралап, әр шаңырақтың дастарханынан дәм татты. Ұлттық нақышта безендірілген әр киіз үйде халқымыздың бай салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Соның ішінде «тұсау кесер», «беташар», «сырға салу» сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, көпшілік назарына ұсынылды. Тұсау кесер рәсімінде тәй-тәй басқан сәбилердің тұсауы кесіліп, олардың болашағына ақ тілектер айтылды. Ал беташар дәстүрі арқылы келіннің жаңа ортаға бейімделуі мен үлкенге құрмет көрсету үлгісі дәріптелді. «Сырға салу» дәстүрі де ұлттық құндылықтардың сабақтастығын айшықтап, көрермендерге ерекше тағылым сыйлады. Жиналған жұртшылық бұл көріністерге белсене қатысып, ұлттық мұраның мән-маңызын тереңірек ұғынды. Үлкендер жағы ақ батасын беріп, ұрпақ сабақтастығының маңызын айқындай түсті.
Мерекелік жиын барысында қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары мен ою-өрнектері кеңінен таныстырылып, мерекенің көркін одан әрі айшықтай түсті.
Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағында ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған арнайы бағдарламалар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған заманауи үрдістерге сай, жасанды интеллект элементтері енгізілген «Digital Nauryz» жобасы аясында жастардың арнайы дайындаған роботтарының көмегімен «робокөкпар» сынды түрлі форматтағы ойындар ұсынылды. Бұл бастама дәстүр мен технологияның үйлесімін көрсетіп, жастардың қызығушылығын арттырды. Мереке аясында жастар алтыбақан теуіп, арқан тартыс және өзге де ұлттық ойындарға белсене қатысса, балалар асық ойнап, думанның көркін қыздырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі