Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары және Құркелес ауылдық округінің әкімі қатысты.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары жер қатынастары, сондай-ақ өзге де жеке сипаттағы мәселелерін жеткізді. Әрбір өтініш иесінің мәселесі мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, айтылған мәселелерді шешу мақсатында аудан басшысы жауапты бөлім басшыларына, Құркелес ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін аудан әкімі аппаратына тікелей барып тіркелуге болады. Бұдан бөлек, egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы да тіркелу мүмкіндігі қарастырылған. Қосымша ақпарат алу үшін: +7 (725 37) 7-97-13
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі