Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтіп, балалар мен жастарға сапалы әрі тағылымды тәрбие берудің маңыздылығын үнемі назарда ұстап келеді. Осы бағытта Сарыағаш ауданында мемлекет қолдауымен бірқатар маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Сарыағаш қаласында салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығы. Балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына бағытталған көпфункционалды нысан – оқушылар сарайы бір мезгілде 600 адамды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, нысанның қазіргі жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды. Нысанның балалар мен жастар игілігі үшін салынып жатқанын атап өткен аудан әкімі оның сапалы, берік әрі заманауи талаптарға сай болуы басты міндет екенін жеткізді.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 15 жұмысшы еңбек етуде, 3 бірлік техника жұмылдырылған. Нысанның кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталып, ферма орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жобасының тапсырыс берушісі – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы».
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі