
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласынА ҚАРАСТЫ Ш. Қалдаяқов гүлзары көшесінде орналасқан №3 жатақханаға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын саралады. Жұмыс сапасы мен мерзімін бақылау мақсатында «Сарыағаш қызмет» КММ басшысы Мақсат Күкібаевқа тапсырылды. Оған қоса, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа тұрақты бақылау жүргізу жүктелді.
Қазіргі таңда, аталған нысанда күрделі жөндеу жұмыстары биыл наурыз айынан бастап жүзеге асырылуда. Жоба аясында ғимараттың сыртқы келбетін ретке келтіру, баспалдақ алаңдарын әктеу және сырлау, сондай-ақ ортақ пайдалану орындарын жаңғырту жұмыстары қарастырылған.
Айта кетсек, 2025 жылы №3а жатақхананың санитарлық тораптары толық күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа қоқыс алаңы салынған. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен іске асырылған бұл жоба шеңберінде пәтерлер толық орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылып, жинақтаушы құбырлар орнатылды.Балалар ойын алаңшасы орнатылып, тұрғындар игілігіне берілді. Аталған нысан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі