САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СУ АРНАЛАРЫНА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СУ АРНАЛАРЫНА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданында егістік алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында су арналары мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

 

Осы орайда өңір басшысы Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі аумағынан өтетін «Қожахан» каналы бойында атқарылып жатқан механикалық тазалау жұмыстарының барысын пысықтады. Ауданның  су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тиісті тапсырмалар берді.

 

Айта кетсек, биыл ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қожахан» каналының 16,8 шақырымы, ал «Абыз» каналының 2,1 шақырымы толықтай механикалық тазалаудан өтті. «Қожахан» каналы ЗАХ магистральды каналынан бастау алып, Жібек жолы, Қабланбек ауылдық округтері арқылы өтіп, Қызылжар ауылдық округіне дейін созылады. Жалпы ұзындығы 18,0 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар аясында 2025 жылы жалпы ұзындығы 132 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткізілген. 2026 жылы 231,0 шақырым су арнасын тазалау жоспарланып отыр.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі