САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен Ақжар елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысына қатысты техникалық кеңес өтті.

Кеңес отырысына аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Мұрат Байгабулов «AMANAT партиясы» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шермат Ибрагимов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұлов, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме “Сақ құрылыс” ЖШС өкілдері қатысты.

Жиын барысында Ақжар елді мекенін ауыз сумен қамту жобасының қазіргі кезеңдегі атқарылып жатқан жұмыстары талқыланып, құрылыс барысы, мерзімдік жоспардың орындалуы және сапа талаптары қаралды.

Аудан әкімі мердігер мекемеге және жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі жоғары сапада аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жоба іске асырылатын барлық кезеңдерде бақылау мен техникалық қадағалауды күшейту қажеттігін тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі