
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
Сарыағаш аудандық электр желілері (АЭЖ) диспетчерлік қызметінің байланыс нөмірі өзгергенін хабарлаймыз. Бұған дейін қолданылып келген 2-11-62 нөмірінің орнына жаңа диспетчерлік байланыс нөмірі 3-01-16 болып бекітілді.
Электр желілеріне қатысты апаттық жағдайлар, электр қуатының үзілуі немесе басқа да техникалық мәселелер туындаған жағдайда тұрғындар көрсетілген жаңа нөмір арқылы диспетчерлік қызметке хабарласа алады.
Осыған байланысты тұрғындардан ескі нөмірдің орнына жаңа 3-01-16 байланыс нөмірін пайдалану сұралады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі