Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Сарыағаш қаласы» айналма жолының құрылыс жобасы бойынша арнайы жиын өтті. Жиында жол құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару мәселелері қарастырылды. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Ауезов жобаның аудан аумағынан өтетін бөліктері туралы баяндама жасап, жолдың бағыт-бағдарын таныстырды.
Жиын барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев жобаны тиімді әрі сапалы жүзеге асырумен қатар, жергілікті тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жоба аясында қабылданатын шешімдер экономикалық тұрғыдан тиімді болуы тиіс екенін атап өтіп, жауапты сала мамандарына осы бағытта жан-жақты талдау жүргізіп, оңтайлы шешімдер ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ жол құрылысының кейбір техникалық аспектілеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру мақсатында жол өтетін аумақтардағы ауылдық округтер мен қала әкімдері, сондай-ақ жауапты сала басшыларымен бірлесіп, қосымша зерделеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Аудан әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары Нұрполат Талиповқа және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Ауезовке тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетсек, аталған жоба бойынша «Сарыағаш қаласы» айналма жолының жалпы ұзындығы 103,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде 43 шақырымы Сарыағаш ауданы аумағы арқылы өтеді. Жоба республикалық маңызы бар автожол санатына жатады және өңірдегі көлік қозғалысын оңтайландыруға, сондай-ақ транзиттік жүктемені азайтуға бағытталған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі