САРЫАҒАШ: ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

 

 

Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың елге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің көркін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

 

Кезекті жалпыхалықтық сенбілікке Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысып, аудан көлемінде кең ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара сағат 10:00-де басталып, ауданның бірқатар аумақтарын қамтыды.

 

Сенбілік барысында Сарыағаш қаласы мен ауылдық округтердің ішкі көшелерінде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Көшелер бойындағы күл-қоқыстар жиналып, арық-атыздар тазартылды.

 

 

Тазалық жұмыстары Сарыағаш қаласы арқылы өтетін теміржол маңындағы аумақты да қамтыды. Бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар толықтай жиналып, арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды. Бұдан бөлек, аумақтарды абаттандыру, қоқыстарды сұрыптау, қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Қураған ағаш бұталары кесіліп, арнайы техникалардың көмегімен тазартылды.

 

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ құндылық. Осы ретте аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосып, экологиялық бастамаларды қолдауға белсенді атсалысуға шақырамыз!

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі