Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев шалғайдағы елді мекендерде орналасқан референдум учаскелерінің дайындық барысымен танысты. Атап айтқанда, Жылға және Шеңгелді елді мекендеріндегі учаскелердің жұмысы тексеріліп, ұйымдастыру шараларының барысы қаралды.Сарыағаш аудандық референдум комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев референдумды өткізу кезінде барлық рәсімдер заң талаптарына толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, Тоқтамұрат Балабаев учаскелердің дайындық деңгейі, дауыс беру барысын ұйымдастыру және сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері жөнінде баяндады.