САРЫАҒАШ: РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев референдум учаскелерінің дайындық барысын пысықтады. Атап айтқанда, Сарыағаш қаласындағы және Ақжар, Қызылжар ауылдық округтеріндегі  учаскелердің жұмысы тексеріліп, ұйымдастыру шараларының барысы қаралды.Сарыағаш аудандық референдум комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев референдумды өткізу кезінде барлық рәсімдер заң талаптарына толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі