САРЫАҒАШ: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА  ДҮНИЕГЕ СӘБИ ӘКЕЛГЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САРЫАҒАШ: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА  ДҮНИЕГЕ СӘБИ ӘКЕЛГЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

 

«8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев және аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, дүниеге сәби әкелген аналарды мерекемен құттықтады. Аудан басшысы жас аналарға ізгі тілектерін білдіріп, сәбилердің амандығын тілеп, мерекелік сый-сияпаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

 

Сонымен қатар,аудан әкімі  Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы ұжымымен кездесіп, адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды да мерекемен құттықтады. Медицина қызметкерлерінің жауапты әрі қажырлы еңбегіне алғыс білдірді. Мерекелік кездесуде аналар мен медицина қызметкерлері көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі