САРЫАҒАШ: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

 

 

Сарыағаш ауданы аумағында көктемгі дала жұмыстары бастау алды. Бүгінде ауданда көктемгі дала жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, шаруалар жаңа маусымға тыңғылықты дайындықпен кірісуде. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, егіс алқаптарының жай-күйімен танысты. Аудан әкімі шаруамен пікір алмасып, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жерді тиімді пайдалану, өнім көлемін арттыру және заманауи агротехнологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.

 

Құрама елді мекені аумағында орналасқан «Қайрат шаруақожалығы» жалпы жер көлемі – 1 гектар. Оның ішінде 0,70 гектар алқапқа «Фарао» сұрыпты қырыққабат, ал 0,25 гектар жерге «Клери» сұрыпты құлпынай көшеттері отырғызылған. Шаруашылықта биыл 20 мың түп қырыққабат пен 17 мың түп құлпынай егілген. Диқандар көктемгі дала жұмыстарының агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ерте пісетін өнімдерді өсіру арқылы ішкі нарықты сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі