САРЫАҒАШ:  МАГИСТРАЛДЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ:  МАГИСТРАЛДЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданы  аумағында магистральды ауыз су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, жұмыстардың барысын бақылады. Жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жобаның белгіленген мерзімде және сапалы орындалуының маңыздылығына ерекше назар аударды.

 

Қазіргі таңда шамамен 1000 метр ауыз су құбыры жеткізілген. Ауыз су құбырларын жүргізу жұмыстары жергілікті жерлерде нақтылау және айқындау кезеңінен өтіп, қазіргі таңда Көктерек және Құркелес ауылдық округтері аумағындағы жүргізілуде.

 

Жобаның аяқталуы нәтижесінде Дархан, Нұрлы жол, Еңкес, Құлтума, Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет, Жылысу, Жаңаталап, Береке елді мекендері және Көктерек кенті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды шара болып табылады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі