САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

 

 

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Қабылдау барысында тұрғындар мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант, тұрғын үй кезегі  және өзге де жеке сипаттағы мәселелер айтылды.

 

Аудан басшысы әрбір азаматтың айтылған  мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, айтылған өтініштер бойынша жауапты бөлім басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі