Сарыағаш ауданында егістік алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында су арналары мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осы орайда, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі аумағындағы су арнасына жүргізіліп жатқан тазалау жұмыстарының барысын бақылады. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Биыл ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін Хожахан каналының 5,6 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілді. Айта кетейік, Хожахан каналы Зах магистральды каналынан бастау алып, Жібек-жолы, Қабланбек және аяғы Қызылжар ауылдық округтерінен өтетін жалпы ұзындығы 18,0 шақырым су арнасын қамтиды.
Айта кетсек, аталған бағыттағы жұмыстар аясында 2025 жылы жалпы ұзындығы 132 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткізілген. 2026 жылға 231,0 шақырым су арналарын тазалау жоспарланып отыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі