Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан әкімі нысанды аралау барысында құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше көңіл бөлді. Нысан елді мекен тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік объект екенін атап, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Қазіргі таңда нысанның бірінші және екінші қабаттарының кірпішін қалау жұмыстары аяқталып, бетон жабыны (плита) орнатылды. Бірінші қабатта ішкі сылақ жұмыстары басталып, екінші қабатта көлденең бетон ұстынын (ригель) құюға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, басталдақтың бетон құю жұмыстарына да дайындық жұмыстары жүргізілуде.Нысан мердігері – «ST-SERVICE KZ» ЖШС, тапсырыс беруші – құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі