САРЫАҒАШ:  ТҰРҒЫНДАРДЫҢ  МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

САРЫАҒАШ:  ТҰРҒЫНДАРДЫҢ  МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен келді.

 

Іссапар барысында департамент басшысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевпен бірге аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар,айтылған  өтініштерді зерделеу және заң талаптарына сәйкес қарау бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі