
2026 жылдың 20–23 ақпан күндері Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы базасында 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық ғылыми жоба байқауында Сарыағаш ауданының оқушысы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
Атап айтқанда, «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Тоқтар Қабылбек үздік деп танылып, аудан абыройын асқақтатты.
Жеңімпаз – Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылдық округінің тумасы, қазіргі таңда №25 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6-сынып оқушысы. Оқушының ғылыми жетекшісі – Муталова Лаура.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі