ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» аясында «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай Сарыағаш ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңғы сағат 09:00-ден бастап әр мекеме өзіне бекітілген аумақта санитарлық тазалық шараларын атқарды.

 

Сенбілікке Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бастаған аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлімдер, мекеме ұжымдары және белсенді тұрғындар қатысты. Сонымен қатар, Аудан басшысы тазалық жұмыстарының барысын аралап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Тазалық  шарасында көшелер мен жол жиектеріне бей-берекет тасталған қоқыстар жиналып, қураған ағаш бұтақтары кесілді, ағаш түптері әктелді. Сонымен қатар көктемгі ағаш отырғызу науқаны басталып, бірқатар ауылдық округтерде  көшеттер егілді. Жиналған қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен шығарылды.

 

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу. Аталған бастама «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі