САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 

 

Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік: цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның жабылу рәсімі өтті.

 

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сонымен бірге Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат  Балғабаев та үздіктерді марапаттады.

 

Хакатонға 114 команда, 400-ге жуық қатысушы тіркелді. Қатысушылар қатарында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғары оқу орындарының білім алушылары бар. Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан келген командалар іс-шараның республикалық деңгейдегі маңызын айқындай түсті.

 

Сарыағаш ауданындағы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің білімді жастарынан құралған “Т.U.L.P.A.R” командасы қатысып, аудан мерейін үстем етті. Олар: Заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық сайттарды анықтау бағыты бойынша 1 орынды иеленіп,  1 000 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.

 

Салтанатты кеш барысында Астанадан арнайы келген «Музыкалық жас көрермен театры» өнер көрсетіп, маңызды іс-шараға қолдау білдірді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі