АЛҒАШ РЕТ САРЫАҒАШ АУДАНЫ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНАН ЖОҒАРҒЫ ЛИГАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ САРЫАҒАШ АУДАНЫ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНАН ЖОҒАРҒЫ ЛИГАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Sunkarmed Abyroy» командасының мүшелерін арнайы қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады. Аудан әкімі өнерлі жастарға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

Өз кезегінде команда мүшелері аудан басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, алдағы сайыстарда да Сарыағаш ауданының абыройын асқақтатуға бар күш-жігерін салатындарын жеткізді.

 

2026 жылғы 15 ақпан күні Астана қаласында өткен «Жайдарман» ойынының маусымашар кезеңінде Сарыағаш ауданының атынан алғаш рет қатысқан «Sunkarmed Abyroy» командасы сәтті өнер көрсетіп, Жоғарғы лигаға жолдама алды.

 

Аталған жетістік – аудан жастарының бірлігі мен табандылығының, сондай-ақ жүйелі қолдаудың нәтижесі. Бұл жеңіс алдағы уақытта да жаңа шығармашылық белестерді бағындыруға серпін беретіні сөзсіз.

 

Сарыағаш ауданының әкімінің баспасөз қызметі