САРЫАҒАШ: «АЛҒЫС – ІЗГІ НИЕТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

САРЫАҒАШ: «АЛҒЫС – ІЗГІ НИЕТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

 

«1 наурыз – Алғыс айту күніне»  орай «Алғыс – ізгі ниет» атты мерекелік іс-шара өтті.

 

Сарыағаш қаласында орналасқан  «Достық» үйінде  өткен салтанатты жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және этномәдени бірлестіктердің жастары қатысты.

 

Мерекелік шара аясында этномәдени бірлестіктер мен орталықтар ұйымдастырған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ел бірлігі мен татулығын нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының  Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі