Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Апта сайын бейсенбі күні өтетін жеке қабылдауда алдын ала жазылған 29 тұрғынның өтініштері қаралды
- Заң шеңберінде жүйелі жұмыс-басты қағида! Азаматтардың өтініштерін уақтылы әрі әділ қарау – біздің негізгі міндетіміз. Әрбір тұрғынның мәселесі назарға алынып, заң аясында нақты шешім қабылданады. Біз үшін ең бастысы – халықпен ашық диалог орнатып, түйткілдерді жүйелі түрде шешу. Сондықтан жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді, олардың орындалуы қатаң бақылауда болады, – деді аудан әкімі.
Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, әлеуметтік қолдау шаралары, заңсыз сауда және басқа да жеке сипаттағы мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. Аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе заң талаптарына сәйкес қаралатынын жеткізді. Тиісті сала басшыларына және қала, ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер әкімнің жеке бақылауына алынды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі