САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттары Алмас Салимов, Жәнбек Сүлейменов, Жомарт Әбдібаев аудан тұрғындарын кезектілік тәртібімен жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау AMANAT партиясы аудандық филиалында өтті.
 
Қоғамдық қабылдауға аудандық партия филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындар көтерген әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастырды.
 
Қабылдау барысында тұрғындар ауыз су, жер қатынастары және өзге де жеке мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, заңнамаға сәйкес түсіндірме берді. Бірқатар өтініштер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Сондай-ақ аудан басшысы тұрғындардың бірде-бір өтініші аяқсыз қалмайтынын және барлық мәселе жіті бақылауда болатынын атап өтті.
 
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүргізіледі. Қабылдауға egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе аудан әкімдігі аппаратына жазбаша өтініш беру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 (72537) 7-97-13.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі