САРЫАҒАШ: «MAQTAARAL CUP – САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЕҢІС ЖОЛЫ»

САРЫАҒАШ: «MAQTAARAL CUP – САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЕҢІС ЖОЛЫ»

 

 

Мақтаарал ауданында өткен «Maqtaaral CUP – Жастар таңдауы: Конституциялық реформаларды қолдау» атты облыстық турнирде Сарыағаш ауданының жастары жүлделі ІІ орынды иеленді.

 

Түркістан облысының  әр өңірінен жиналған онға жуық команда тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара шеберлік пен ұйымшылдықтарын сынады. Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының командасы жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімділікті және жеңіске деген жігерін дәлелдеп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

 

Турнирдің басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық ынтымақтастықты дамыту болды. Сонымен қатар Конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған ақпараттық жұмыстар да кеңінен насихатталды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі