
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Сарыағаш қаласы маңындағы көлік қозғалысының тығыздығын атап өтіп, «Сарыағаш айналма жолы» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Осы тапсырма аясында Астана қаласында «Сарыағаш қаласының айналма жолын салу» жобасы бойынша алғашқы семинар өтті. Семинарды Азия Даму Банкі ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ҚазАвтоЖол, Азия Даму Банкі және Сарыағаш ауданы әкімі аппараты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қол қойды.
Айта кетсек, 2026 жылғы 19–20 ақпан күндері өткен семинарға Сарыағаш ауданының делегациясы қатысты. Делегация құрамында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов болды. Айналма жол құрылысының техникалық және ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.