САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенінде тұратын Жаңабаевтардың  шаңырағына барып, үшем сәбидің дүниеге келуін құттықтады. Аудан әкімі отбасыға сый-сияпат табыс етіп, жаңа туған сәбилер мен жас анаға ізгі тілектерін жеткізді.

 

– Біздің ауданда сәбилердің туылу көрсеткіші жоғары болып келеді. Міне, оған дәлел ретінде бүгінгі қуанышымыз – жас ана Феруза Абдирова және оның үшем сәбилері Зере, Дара, Сара. Бірден үш баланы дүниеге әкелу – зор ерлікпен пара-пар іс. Жас анаға және туылған үш қызға зор денсаулық, бақыт пен отбасы берекесін тілеймін! – деді аудан әкімі.

 

Айта кетсек, анасы биыл 3 ақпан күні үшемді дүниеге әкелген. Бұған дейін отбасы 5 баланы тәрбиелеп, бүгінде  8 баланың ата-анасы атанды. Қазіргі таңда сәбилердің жағдайы бірқалыпты, олар мен анасы қажетті медициналық бақылауда.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі