САРЫАҒАШ: ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ

САРЫАҒАШ: ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Бостандық елді мекеніндегі жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы жылыжайдағы өндіріс көлемі мен сапалы өнім шығаруды жоғары бағалап, ауыл шаруашылығын дамыту, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

 

Жылыжай иесі Тоир Раимбердиев өз отбасымен бірге ауыл шаруашылығы саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда олар өздеріне тиесілі 1,90 гектар жер телімінде жылыжай құрылысына ие болып, әртүрлі көкөніс дақылдарын өсіруде.

 

Жылыжайда қияр, қызанақ, салаттық жапырақ және пекин қырыққабаты егілген. Өнімдер сапалы түрде өсіріліп, жетілдіріліп, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы және Астана қалаларына экспортталады. Қиярдың северинг түрін  0,80 га алқабында 2025 жылы 100 тонна өнім алынған, ал 2026 жылы одан да көп өнім жинап, экспортқа шығаруға жоспарланған. Қызанақтың рунед түрі  0,40 га алқабында 2025 жылы 40 тонна өнім алынған және экспортқа жөнелтілген, 2026 жылы өнім көлемін арттыру көзделуде. Жылыжайдың қалған 0,30 га бөлігінде салаттық жапырақ пен пекин қырыққабаты егілген, алдағы жылы бұл дақылдардан өткен жылдарға қарағанда мол өнім алуды жоспарлап отыр.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі