САРЫАҒАШ:ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ:ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданы аумағында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл бастамалар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Биыл аудан бойынша жалпы  34 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. Солардың бірі  Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты Таскескен елді мекеніндегі  кіші футбол және балалар ойын алаңшасы.

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев нысанда болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді. Мердігер мекемеге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, белгіленген мерзімде аяқтауды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

 

Аталған нысанның құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында басталып, 2026 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінде жұмыстардың 30 пайызы орындалды. Жобаның мердігері – «AIN Development» ЖШС. Құрылысқа қажетті қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген. Қазіргі уақытта воркаут алаңшасының құрал-жабдықтары толық орнатылып, кіші футбол алаңшасының қоршаулары қойылды. Алаңды тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, аудан басшысы  «Мәдени объектілерді дамыту» бағдарламасы аясында  Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарының  барысын пысықтады.

 

Қазіргі таңда ғимараттың ішкі едендері құм және қиыршық таспен тегістеліп, бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Ішкі қабырғаларды әрлеу кезеңі басталды. Нысанның мердігері – «Строительная компания «Люкс сервис» ЖШС-і.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі