САРЫАҒАШ: ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

САРЫАҒАШ: ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округінің тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы 2025 жылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған жоспарларды таныстырды.

 

Жиын еркін форматта өтіп, тұрғындар өзекті мәселелері қатысты сұрақтарға  жан-жақты жауап беріліп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Тұрғындар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері қаралды. Олардың шешу жолдары айқындалды.

 

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Шермат Ибрагимов сөз сөйлеп, мәслихаттың жыл бойы атқарған жұмыстары, қабылданған шешімдері мен алдағы міндеттері жөнінде баяндама жасады.

 

2025 жылы Тегісшіл ауылдық округінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Таскескен елді мекеніндегі А.Омаров көшесіндегі 60 дана жарық шамына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ө.Атабеков көшесінің 0,6 шақырымына ағымдағы жөндеу және тас төсеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Мәдениет елді мекеніндегі Қоңыратбай ата көшесінде кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Мәдени объектілерді дамыту» бағдарламасы аясында Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Таскескен мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Оған қоса, Тың елді мекенінің көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жамылғысы төселді.

 

2026 жылға жоспарланған жұмыстар қатарында тұрғындардың өтініші негізінде жол картасына енгізілген Сарыүйсін каналын механикалық тазалау қарастырылған. Аталған нысан «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-нің 2026 жылға арналған механикалық тазалаудан өтетін ағын су жүйелері тізіміне енгізіліп, жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайды.

 

Сондай-ақ, Тегісшіл елді мекеніндегі 3,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізіледі. Таскескен елді мекеніндегі Қ.Қалшатұлы көшесінде кіші футбол және балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. «Мәдени объектілерді дамыту» бағдарламасы аясында Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйінің құрылысын  аяқтау жоспарланып отыр.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі