Сарыағаш ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жүйелі жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі құрылыс нысанында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын арттыруды, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, 2026 жылдың маусым айында аяқталуы жоспарланған. Жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде жалпы үш елді мекен, атап айтқанда Тасқұдық, Сарысу және Құрысай елді мекендері табиғи газбен қамтылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 50%-ы орындалған. Мердігер мекеме – «Ынтымақ-ОК» ЖШС. Тапсырыс беруші –ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі