САРЫАҒАШТА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

САРЫАҒАШТА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

 

Сарыағаш ауданы аумағында «Спорт – діни экстремизмге және терроризмге қарсы» атты 2011–2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында бокстан республикалық ашық турнир өткізіліп жатыр. Дүбірлі дода 2026 жылдың 10–15 ақпан күндері Жылға ауылдық округіндегі спорт кешенінде ұйымдастырылуда.

Тартысты жарысты аудан әкімі Арман Абдуллаев тамашалап, спорттың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудағы маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жас спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

Республикалық ашық турнирге Төле би ауданы, Мақтаарал ауданы, Жетісай ауданы, Түркістан қаласы, Қазығұрт ауданы, Шардара ауданы, Шымкент қаласы, Келес ауданы және Тараз қаласы командалары қатысуда. Жалпы саны 173 жас спортшы өзара бақ сынауда.

Жарысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып отыр. Төрешілік қызметті №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің жаттықтырушылары атқарып жатыр.

Айта кетсек, аталған спорттық шара жасөспірімдердің шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың бойында патриоттық рухты, табандылық пен жеңіске деген жігерді қалыптастыруға бағытталған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі