САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінің Ердәуіт елді мекеніндегі көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бойынша атқарылатын жұмыстарға басымдық беруді тапсырды.

Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық округ әкіміне арықтарды тазалау, бөгеттерді нығайту және су өткізу жолдарын ұйымдастыру жұмыстарын жедел түрде жүргізу міндеті жүктелді. Бұл шаралар су тасқыны қаупін азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ қажет болған жағдайда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп шаралар қабылдау тапсырылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі