Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев және аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Шермат Ибрагимов Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекеніндегі 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысының барысын бақылап, құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. те бақылауға қатысып, нысанның жағдайымен танысты. Мердігер мекеме өкіліне құрылыс сапасы мен міндеттердің орындалуын қатаң қадағалау туралы нақты тапсырмалар берілді.Жұмыстардығ барысын қадағалау аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді.
Қазіргі таңда нысанның бірінші қабатының кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, бетон жабындысы орнатылған. Екінші қабатта кірпіш қалау жұмыстары жүргізіліп, бетон бағаналарды құюға дайындық жұмыстары атқарылуда. Құрылыс алаңында 8 адам жұмыс істеп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын «ST-SERVICE KZ» ЖШС-і жүзеге асыруда. Техникалық қадағалаушы – «Тех Сапа Алматы» ЖШС-і. Тапсырыс беруші – аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Ташқұлақ өзенінің арнасын механикалық тазалау жұмыстарының барысын да бақылады. Бұл жұмыстарды «Қазсушар» МКК жүзеге асырып жатыр. Тиісті мекемеге жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету және мерзімін сақтау бойынша ескертулер берілді. Ауылдық округ әкіміне су арнасы мен оның айналасындағы аумақтың тазалығын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде бақылау жүргізу тапсырылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі