САРЫАҒАШ: ҚАБЛАНБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘРБІР ЕЛДІ МЕКЕНІ БОЙЫНША НАҚТЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

САРЫАҒАШ: ҚАБЛАНБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘРБІР ЕЛДІ МЕКЕНІ БОЙЫНША НАҚТЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі Қабланбек ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында аудан басшысы өңір экономикасын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында 2025 жылы  атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

Кездесуге дейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, заңнама аясында тиісті жауаптар берді. Сонымен қатар, тұрғындар айтылған  ұсыныс-пікірлер бақылауға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны жеткізілді.

 

Қабланбек ауылдық округі бойынша бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер негізінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Тасқұлақ елді мекеніндегі «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша бір ауысымда 200 бала қабылдайтын модульдік жатақхана, воркаут алаңы және бассейн салынды. Нәтижесінде жазғы маусымда 7 ауысым бойынша 3500-ге жуық бала демалып қайтты.

 

Қабланбек елді мекенінде Ж. Борашов, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және М. Мақатаев көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылды. Сіргелі елді мекенінде Қызқұдық көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқжол және суағар (лоток) жүйелері салынды. Сонымен қатар, М. Есқұлов және Д. Спанов көшелері орта жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. М. Мамбетаев көшесінде балалар ойын алаңшасы салынып, ел игілігіне тапсырылды. Қанағат елді мекенінде Қанағат және Ж. Ешеев көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар (тротуарлар) салынып, пайдалануға берілді. Ақниет елді мекенінде У. Тұрдықұлова көшесінде ашық стадион мен воркаут алаңының құрылысы жүргізілді.

 

Жонарық елді мекенінде Қошқарбек ата және Ж. Ешеев көшелеріне түнгі жарық нүктелері орнатылды. Сонымен қатар, «Kcell» ұялы байланыс операторы тарапынан 4G стандарты бойынша жаңа базалық станция орнатылып, іске қосылды. Ташқұлақ елді мекенінде Тасқұлақ көшесіне балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ташқұлақ су айдау насос станциясындағы су сүзгілері (цеолит) аудандық бюджет есебінен жаңартылды. Зах елді мекенінде Арай көшесіне ашық волейбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.

 

2026 жылға арналған ауылдық округті дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жобаларды іске асыру көзделуде. Қабланбек елді мекеніндегі Бау көшесінде балалар ойын алаңшасын салу жоспарлануда.Тыңтөбе елді мекенінде Ырысты көшесінің 100 метр бөлігіне асфальт төсеу жоспарланған. Ташқұлақ елді мекенінде Тасқұлақ көшесіндегі балалар ойын алаңшасына дейін жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол  салу көзделуде. Ақниет елді мекенінде Ғ. Қасымбек, Бәйтерек, Мақтасарай, Азат, Бозжорға және Күншуақ көшелерін орта жөндеуден өткізу жоспарланған. Қанағат елді мекенінде Жеңіс, Еркіндік, Жас Отау, Наурыз және А. Өтегенов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Б. Момышұлы, Имандылық, Н. Бекболатов, Ерменов, Е. Исаков және А. Дүйсебаев көшелерін орта жөндеу де жоспарға енгізілген. Жонарық елді мекенінде 200 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, Қайыпжан ата, Қошқарбек ата, Ж. Орынбаева, Үйсінбаев және А. Дәуітбаев көшелеріне орта жөндеу жүргізіп, асфальт төсеу көзделген. Бұдан бөлек, округ аумағында орналасқан каналдардың 28,3 шақырым бөлігіне және қашыртқылардың 2 шақырым аумағына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

 

Жиын қорытындысында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтынын, барлық мәселелер жоспарлы түрде кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі