Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне барып, нысанда жүргізіліп жатқан реконструкция жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы орындау және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру қажеттігін атап өтті.
Құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен кестеге сәйкестігі жан-жақты қаралып, жауапты мердігерлерге нақты талаптар қойылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларының сақталуы және құрылыс материалдарының сапасы бақылауға алынды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі