САРЫАҒАШ:МАГИСТРАЛЬДЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ:МАГИСТРАЛЬДЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан аумағындағы ауыз су мәселелерін талқылауға арналған жұмыс жиыны өтті. Жиынға: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің өкілдері, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бірлестігі, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының өкілдері, сондай-ақ Құркелес, Тегісшіл және Көктерек ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

 

Жиын барысында магистральды ауыз су құбырларының тарту жұмыстары кеңінен талқыланды. Аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жобаның белгіленген мерзімде және жоғары сапада жүзеге асырылуының маңыздылығына ерекше назар аударды.

 

Қазіргі таңда шамамен 500 метр ауыз су құбыры жеткізілген. Сонымен қатар, ауыз су құбырын жүргізу бойынша жергілікті жерлерде нақтылау және айқындау жұмыстары толық орындалды. Тиісті келісімдер толық алынғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды түрде жалғасатын болады. Нәтижесінде Дархан, Нұрлы жол, Еңкес, Құлтума, Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет, Жылысу, Жаңаталап, Береке елді мекендері сонымен қатар, Көктерек кенті ауыз сумен қамтылады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі