САРЫАҒАШ: ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

САРЫАҒАШ: ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағы нысандардың жұмысымен танысты. Арман Абдуллаев дихан еңбегіне оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Жылыжай иесі Акрам Умаров көкөніс және гүл өнімдері өсірумен айналысады. Жылыжай құрылысы 2016 жылы басталып, 2017 жылдан бастап өнім егу жұмыстары қолға алынған. Жылыжайдың жалпы аумағы 2,15 гектарды құрайды. Шаруашылықта маусымдық кезеңде 10–20 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылып, негізінен ауыл тұрғындары еңбек етеді. Нысанның өндірістік қуаттылығы жылына 269 тонна көкөніс, 1000,0 мың дана гүлді құрайды. Өнімдер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына бағытталған.

 

Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп отырған тіс емдеу емханасының жұмысбарысын бақылады. Аталған медициналық нысан – «Amina Dental Clinic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Емхананың жетекші дәрігері – Әмина Жақсыбаева. Медициналық орталық өз жұмысын 2026 жылдың қаңтар айында бастаған. Жобаның жалпы құны 50 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда мұнда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Емханада жүкті әйелдер мен балаларға тегін ем-шаралар ұйымдастырылады. Нысанның қуаттылығы – күніне 20–30 адамға дейін медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі