Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Сарыағаш ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Сонымен қатар алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын айтты.
- Әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастырып, шаралар қабылдаймыз. Барлық жұмыстар кезең - кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Сондықтан, құрғақ уәде бере алмаймын. Айтылған мәселелер орынды. Алдағы уақытта ауданды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады, – деді Арман Абдуллаев
Жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су және өзге де әлеуметтік мәселелер көтеріліп, қойылған сұрақтарға заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешу мақсатында арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Дербісек елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 30 көшенің жалпы ұзындығы 29 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Жөндеу жұмыстары О.Жандосов, Қ.Сәтбаев, С.Сейфулин, А.Рахметов, С.Садыков, А.Молдағұлова, Е.Омарханов, И.Жүнісбеков, Б.Тұрдықұлұлы, Қожагелді ата, К.Пралиев, Б.Бектасұлы, Қажымұқан, Амангелді, Абай, Ғ.Мұратбаев, Түктібай ата, А.Құралов, Қ.Төлешов, О.Мамбетов, Н.Абдиров, Жаңа жол, Т.Абдрахимов, Шапағат, Шоңғара ата, Р.Сейтімбетов, Бәйтерек, Ж.Жабаев, №1 және №2 көшелерінде жүргізілді. Аталған жұмыстарды «АРТД групп» ЖШС мен «Байырқұм» ЖШС мердігер мекемелері жүзеге асырды.
Ауыз сумен қамту бағытында қосымша жабық су жүйесі (гидрант) орнатылып, Р-3 су көзін пайдалану бойынша тиісті келісімшарт жасалды. Нәтижесінде елді мекен тұрғындары ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, №76 жалпы орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш бөлімінде жаңа модульді асхана құрылысы жүргізіліп, нысанды мектепке табыстау жұмыстары атқарылуда.
Атамекен елді мекенінде бір күнде 24 адамды қабылдай алатын медициналық тіректің құрылысы толық аяқталып,тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Аталған нысанның мердігері – «Барыс Строй-2030» ЖШС. Бұдан бөлек, Т.Қожахметов көшесінде жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі