САРЫАҒАШ: СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН МЕРЗІМІНДЕ ӘРІ САПАЛЫ АЯҚТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

САРЫАҒАШ: СУ АРНАЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН МЕРЗІМІНДЕ ӘРІ САПАЛЫ АЯҚТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

 

 

 

Сарыағаш ауданында егістік алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында су арналары мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Аталған бағыттағы жұмыстар аясында 2025 жылы жалпы ұзындығы 132 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткізілді. Ал 2026 жылға 231,0 шақырым су арналарын механикалық тазалау жоспарланып отыр.

 

Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округі аумағындағы су арналарына жүргізіліп жатқан тазалау жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы жауапты сала мамандарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.Сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақжар ауылдық округі аумағы арқылы өтетін Р-10, Р-15 және Р-17 қашыртқыларының жалпы ұзындығы 12,0 шақырым аумағы механикалық тазалау қажеттілігі туындап, қазіргі таңда ауданның су шаруашылығы мекемесі тарапынан арнайы техникалар көмегімен 4,8 шақырым аумақ тазаланды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі