САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АЙНАЛМА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АЙНАЛМА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Сарыағаш ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасына қатысты ZOOM байланысы арқылы кеңейтілген жиын өтті.

Кеңейтілген мәжіліске ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ ауданның жер қатынастары және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері қатысты.

Жиын барысында жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы, инженерлік-техникалық шешімдері, жол құрылысына қажетті жер телімдеріне қатысты мәселелер, сондай-ақ жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Бірқатар нақты ұсыныстар айтылып, жобаны іске асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді шешу жолдары нақтыланды.

Айта кетсек, жиынның негізгі мақсаты – республикалық маңызы бар айналма жол құрылысы жобасын іске асыру барысында туындайтын жер қатынастарына байланысты мәселелерді талқылап, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиімді шешу жолдарын айқындау.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі