САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ РЕТ ҚОҒАМДЫҚ  ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ РЕТ ҚОҒАМДЫҚ  ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп,кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын «AMANAT» партиясының аудандық филиалында жеке мәселелерімен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға  аудандық «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов, аудан әкімінің орынбасары, ауданның дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, әр мәселенің шешу жолдары қарастырылды. Тұрғындар тұрғын үй кезегі, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

 

-Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс екенін де ескерткім келеді,-деді Арман Абдуллаев.

 

Аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.Сондай-ақ аудан басшысы қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.

 

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады. Қосымша мәлімет бойынша: + 7 (725 37)7-97-13

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі